Атырау облысында жыл басынан бері 90-ға жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.
Қазіргі уақытта олардың ішінде 37 қылмысқа қатысты 3 күдіктіге қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде интернет-алаяқтардың арбауына түскендердің қатарында 10-ға жуық зейнеткер бар.
Атырау облыстық полиция департаменті азаматтарды интернет алаяқтарынан сақ болуды ескертеді. Кез-келген бейтаныс сілтемеге немесе смс хабарламаларға өтпес бұрын оның шынайылығына көз жеткізіп, жеке және қаржылық деректерді ешкімге бермеу қажет.
Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында қаладағы 20-ға жуық Kazpost бөлімшелері бар, барлығында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.