Бүгін, 12 қыркүйекте «Келешек» кәсіподақтар Федерациясы Кеңесінің ұйымдастыруымен жастар арасында атом электр станциясын салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті
«Келешек» кәсіподақтар Федерациясы Кеңесінің басшысы Еділ Ұзақбай жастармен тілдесіп, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен спикерлер — Ақмарал Әбдешқызы, Владимир Александрович, Асылбек Шахмұратұлы, Райхан Тауфихқызы дәрісті жалғастырды.
Жиында атом электр станциясын салудың тиімділігі, не үшін қажет, маңыздылығы, өзге электр стансаларының экологияға зияны туралы жан-жақты айтылды