Атырауда ахуал қиын. Карантин күшеюі мүмкін

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысында індеттің өршуіне байланысты қосымша шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz. хабарлайды.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөнінде өткен жедел штабтың отырысында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлары жеке-жеке қарады. Денсаулық сақтау министрлігі әр өңірдегі түйткілдерді баяндап, қазіргі жағдайды жақсартуға қатысты нақты шаралар әзірледі.

Жедел штаб Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың көбеюіне байланысты санитариялық-эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейтінін атап өтті.

"Осыған байланысты Ералы Тоғжанов Атырау облысының әкімдігіне жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды, оның ішінде қосымша шектеу шараларын қолдану туралы тапсырма берді" деп мәлімдеді үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, вице-премьер өңірлер әкімдігіне карантиннің сақталуын бақылауды, қысқа мерзімде қосымша инфекциялық стационарлар ұйымдастыруды, қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмек сатып алуды, ПТР тест жасайтын зертханалардың қуатын арттыруды тапсырды.

"Әр өңірдегі жағдай жедел штабтың ерекше бақылауында болады. Біз жұмысты күнделікті негізде республикалық және өңірлік ауқымда тыңдап, нақты жедел шаралар қабылдай отырып жалғастырамыз" деді Тоғжанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521