Атырауда алданғандар алты жүзге таяды

Атырауда қаржы пирамидасынан зардап шеккендер саны 600-ге таяды. Бұл жайлы 24.kz сайты хабарлайды.

Жәбірленушілердің айтуынша, «Гарант 24 Ломбардқа» қаржы салғандар 350-ден, «Нурали Капиталға» алданғандардың саны 200 адамнан асады екен.

Өкінішке орай, «қаржы алып қарық боламыз» деп сан соққандар саны күн санап артып барады.

Естеріңізге сала кетсек, аталған коммерциялық қаржы мекемелері тұрғындардың автокөліктері мен пәтерлерін, тіпті бағалы бұйымдарын жоғары бағамен сатып беремін деп алдаған. Алайда арада айлар өтсе де салымшылармен толық есептеспей келеді. Амалдары таусылған тұрғындар енді қаржы салған мекемелерінің алдын торуылдаудан күдер үзіп, полицияға шағымдана бастады. Қазіргі таңда алаяқтықпен айналысты деген күдікпен «НурАлиКапитал» және «Гарант 24 Ломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тергеу амалдары басталды. «Гарант 24 Ломбардтың» аймақтық директоры қамауға алынды.

- Қалалық полициясы басқармасында ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлімімен сотқа дейін тергеп тексеру амалдары басталды. Арыз шағымдардың түсуіне орай жәбірленушілердің әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізілуде. Полиция түскен арыз бойынша тиісті, заңды шешімдер қабылданады, - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21