Атырауда әскерилердің командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына бағынысты әскери бөлімдердің жедел құрамымен командалық-штабтық оқу -жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу әскери бөлімдердің жалпы дайындығын, командалық-басқару органдарының дағдарыстық жағдайлар кезіндегі іс-әркетін бағалау, сонымен қоса арнайы операцияларды ұйымдастыру кезіндегі үйлесімділік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

_mg_0872

- Жаттығу барысында жеке құрамды дабыл бойынша ескерту, командалық пункттерде жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру, байланыс, жауынгерлік және материалдық -техникалық қамтамасыз ету, жергілікті әскери қолбасшылықпен және басқа әскерлер мен әскери құралымдардың аумақтық командалық-басқару органдарымен өзара әрекеттесу мәселелері пысықталды, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жедел бөлімінің бастығы полковник Талғат Кенжетаев.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз

қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521