Атырауда автобус қағып кеткен әйел адамның жағдайы белгілі болды

«Автобус қағып кеткен 34 жастағы әйел адам облыстық ауруханадан шығарылды» деп хабарлайды Atpress.kz

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміздей, 4 тамыз күні жол апатына түскен азаматша жағдайының жақсаруына байланысты 8 тамызда үйіне шығарылған.

Қазіргі таңда адам қаққан автобус жүргізушісінің үстінен әкімшілік іс қозғалып жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бап, 1 бөлімімен із қозғалуда. Қазіргі уақытта автобус жүргізушісі үйінде. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Еске сала кетелік, 4 тамыз күні Атырауда сағат 11:30 шамасында қоғамдық автокөлік жүргізушісі Құрманғазы көшесі бойында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1988 жылы туған азаматшаны қағып кеткен болатын.

Салдарынан 34 жастағы азаматша жедел жәрдем автокөлігімен облыстық ауруханаға түскен еді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Иллюстративті фото ашық дерекккөздерден алынды






ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521