Атырауда азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты ұзартылды

«Бұл туралы кеше Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық ​ дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров ​ №52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі. ​

Бірақ, сауда үйлерінің қызметіне тыйым салынды. Ал, азық-түлік емес дүкендер "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады. ​

«Жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын» делінген қаулыда.

​Айта кету керек, бұған дейін азық-түлік маркеттері сағат 18.00-ге дейін жұмыс жасаған болатын. Жедел штаб азаматтар тарапынан түскен ұсыныстарды ескеріп, азық-түлік маркеттерінің жұмыс уақытын үш сағатқа дейін ұзартып отыр. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Еске сала кетелік, қоғамдық тамақтану орындары, кафе, мейрамханалар «жеткізу» қызметі арқылы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс атқара алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521