Атырауда базарлар мен сауда орындары жұмысын тоқтатпайды

«Атырау базарлары мен сауда орындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай жұмыстарын жасай береді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кей әлеуметтік желіде «Атырауда базарлар 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді» деген жалған ақпарат тарады. Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитария шараларының күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521