Атырауда бейнекамералар көмегімен 4000-нан астам құқықбұзушылық анықталды

Атырауда полицейлер бейнекамералар көмегімен 4000-нан астам құқықбұзушылық анықтады.

Жедел басқару орталығының қызметі бір секундқа да тоқтамайды. Өйткені, барлық жедел ақпарат осында келіп түседі.

Атырау қаласының аумағында 759 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.

- Мәселен, 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 49 қылмыс және 4213 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық, сияқты қылмыстар бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірі - алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, темекі тұқылдарын, тұрмыстық қоқыстарды тастау, карантин режимінің шектеулерін орындамау және басқа да бұзушылықтар, – дейді Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Алтынбек Кайрлиев.

Ағымдағы кезеңде Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен жол жүру ережелерін бұзған 3276 жүргізуші, рұқсат етілмеген жерлерде алкогольді ішімдік ішкен 187 адам, ұсақ бұзақылық фактілері бойынша 646 адам анықталып, барлық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521