Атырауда бір аптада 1000-нан астам жол ережелері бұзылған

Атырау қаласында бір аптада 1000-нан астам жолда жүру ережелерін бұзғандар жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Қарашаның 2-8-і күндері аралығында патрульдік полиция қызметкерлері 1001 жолда жүру ережелерін бұзушылықтарын анықтаған.

Олардың ішінде көлік құралын мас күйінде басқарған 13 жүргізуші (608-бап) анықталса, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен-7 (596-бабы 3-бөлімі), міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарғандар-162 (230-бабы 2-бөлімі), жүргізу құқығынан айырылған-2 (612-бабы 3-бөлімі) жүргізуші, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

joll10-min-1

Сондай-ақ, жасалған құқықбұзушылықтары үшін салынған айыппұлдарын төлемей жүрген 72 жүргізуші де тәртіп сақшыларының назарына ілікті.

«49 көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, 23 автокөлік иесінен 922 296 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Талдау көрсеткендей, айыппұлдарын төлемей жүргендердің басым бөлігі - шет мемлекеттердің автокөліктері. Мысалы, тұраққа қойғандардың 44-і Ресей автокөліктері болса, 5-еуі Армения елінен әкелінген көліктер» делінген баспасөз қызметінің хабарында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT