Атырауда босанған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облыстық полиция департаментінде босанған әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Үш ай бұрын Атырау модульдік ауруханасының перзентханасында үш баланың анасы Гүлдана Сарузенова қайтыс болды. Мұнда ол төртінші баланы дүниеге әкелген еді. Туыстары бұл оқиғаға дәрігерлерді кінәлап отыр. Өйткені 37 жастағы әйелдің денсаулығында кәнарат болмаған. Жүктілігі кезінде де асқынулар байқалмаған.  

«Қызымды босандыру кезінде дәрігерлер оның ішін қатты басып, соның салдарынан көкбауыры жарылған. Бұдан бөлек ұйқы безіне де зақым келген.  Адамның барлық мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты ғой. Дәрігерлер қанның қайдан шыққанын білмеген. Оларға барлық жайт түсінікті болған кезде, бәрі де кеш еді. Бұл кезде қызым қайтыс болды», - деді марқұмның анасы Светлана Сарузенова жергілікті БАҚ-қа берге сұхбатында.

Бақытқа орай дәрігерлер жаңа туған баланы құтқара алды. Қазір оған 3 ай толып отыр.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, босанған әйелдің өліміне қатысты ҚР ҚК 317 - бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Онда «медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы абайсызда адам өліміне әкеп соққан» деп көрсетілген.

«Кешенді сот-медициналық сараптама жүргізу Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамасы институтына жүктелген. Сараптама аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім шығарылады», - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521