Атырауда бөтеннің көлігін айдап кеткен мас ер адам қамауға алынды

Атырауда Атырауда бөтеннің көлігін айдап кеткен мас ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас ер адам түнде біреудің ауласында тұрған «Toyota Ipsum» автокөлігін заңсыз айдап кеткен.

«Атырау қаласының 48 жастағы тұрғыны көлігінің ұрланғанын келесі күні біліп, полиция қызметкерлеріне шағымданды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, 3 сағаттың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні іздеп тапты. Мас күйде болған 34 жастағы тұрғын заңсыз әрекетке барғанын мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз айдап кету) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөтеннің көлігін ұрлаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT