banner_damu

Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен екі инспектор ұсталған

Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен екі инспектор ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері инпсектордың біреуін Жайық өзенінің жағасында Дамба ауылында екі балықшымен бірге ұстаған.

Олар отырған қайықта теңізден заңсыз ауланған 50 келі балық болған. Екінші инспектордың үйін тінту кезінде қызыл балықтың бір бөлігі тәркіленген. Осыған орай Балық шаруашылығы комитеті пікір білдірді.

«Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша аумақтық бөлімшелердің инспекторлық құрамы арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту мен түсіндіру жұмысын жүргізді. Аумақтық бөлімшелердің басшыларына сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарлары аясында қойылған міндеттер мен белгіленген шараларды іске асыруды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, инспекциялардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

inform.kz

 



 

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика