Атырауда екі отбасыға баспана сертификаты берілді

Атырауға арнайы келген «Asarume» қайырымдылық қоры екі отбасыға тегін үйдің сертификатын табыстады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сертификаттарды табыстау шарасы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті.

Онда бірнеше жылдан бері жалдалмалы пәтерде тұрып келген көпбалалы екі отбасы  жаңа қоныс иеcі атанды. Сондай-ақ, үш тұрғынға 500 000 теңге және өзге де жағдайы төмен отбасыларға жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмыстық техникалар сыйға берілді.

2_1660715733

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова:

«Дана халқымызда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген нақыл бар. Сондай-ақ, бізде «асар» деген ұғым бар. Яғни, бұл – адамдарға жәрдемдесу, қолқабыс беру ғана емес, мұқтаж адамдарға көмек қолын созу, адамгершілік таныту, қайырымдылық көрсету болып табылады. Міне, қазір сол адамгершілік пен қайырымдылықтың куәсі болып отырмыз».

Айта кетейік, «Asarume» қайырымдылық қоры Республика бойынша бүгінгі күнге дейін 460-тан астам отбасыға баспана сыйлаған.

Ал, Атырау облысында 11 отбасы жаңа қонысын тойлап үлгерді. Қазіргі таңда «Asarume» қайырымдылық қорында 500-ге жуық ерікті бар. «Асар жолы» марафоны 16 шілдеде еліміздің бас қаласынан бастау алған болатын.







ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521