Атырауда «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Атырауда «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, «Еңбек жолы» конкурсының мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеп, еңбек өтілі, тәжірибесі мол әулеттер мен тәлімгерлерді үлгі ету.

«Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары анықталды. «Үздік еңбек әулеті» номинациясында Жылыой ауданынан Қанаевтар мұнайшылар әулеті жеңімпаз деп танылды. Мақат ауданынан белсенді әрі еңбекқор жұмыскер Қуантай Әбілов «Өндірістің үздік жас маманы», ал мақаттық инженер-энергетик Жұмабай Абдулов «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атанды», - деп хабарлады басқарманың мамандары.

Үш жеңімпаздың құжаттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.

 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521