Атырауда «Иманғали» мешіті 4 мұқтаж отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды

«BASTAU CONTRUCTION» компаниясының тікелей қолдауымен берілген 4 үй Атырау қаласының Самал ықшамауданында тұрғызылған «Самал Town» тұрғын үй кешенінен табыс етілді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған қай-қай шаңырақ та ұзақ жылдардан бері пәтер жалдап, баспана тауқыметін тартып келген.

vmama

Мәселен, Эльмира Берікқызы жалғызбасты ана. Ұлы сал ауруына шалдыққан. Қызы арнайы тыныс алу аппаратымен дем алады. Екі баласы да бірінші топ мүгедегі. Біраз уақыттан бері пәтер жалдап келе жатыр.

555555555555555

Екінші шаңырақ иесі Жаннұр Қуанғалиева да сал ауруына шалдыққан бала тәрбиелеп отыр.

Лаура Сәрсенова мен Бақытгүл Тағарова көп бала тәрбиелеп отырған аналар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген пәтерлерді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «BASTAU CONTRUCTION» компаниясының өкілдерімен бірге, арнайы барып табыс етті.

77777777

Еске сала кетелік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырауда орталық «Иманғали» мешіті арқылы, күні бүгінге дейін мұқтаж шаңырақтарға 25 баспана берілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT