Атырауда індеттен 24 адам жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар саны 985 адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 24 адам жазылып шыққан. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, 4 Жылой ауданының, Құрманғазы ауданының тұрғыны. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданынан 1, Атырау қаласынан 1 тұрғын қауіпті індеттен емделіп шыққан.

- Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, - дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 985 адамға жетті.

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21