Атырауда көлік апатынан 4 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды

Атырауда жол апатынан кейін екі жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жолаушының біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жол-көлік апаты 22 қыркүйекте түнгі сағат 01:20 шамасында Атырау қаласындағы Сәтпаев көшесінде болған.

«Бір бағытта жүріп келе жатқан «Hyundai Accent» пен «Лада Приора» маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол апатының салдарынан «Лада Приора» көлігі электр бағанасына соғылды. Екі жүргізуші мен екі жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілген. Бір жолаушы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ресейде шығарылған көліктің жүргізушісі травмотология бөлімінде жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жол-көлік апатының сызбасы жасалған. Екі көлік тұраққа қойылған. «Hyundai Accent» көлігінің жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізіліп, ішідік ішпегені анықталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521