Атырауда карантин мерзімі ұзартылды (ҚАУЛЫ МӘТІНІ)

Атырау облысы Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» 11.09.2020 жылғы №65 Қаулысы

Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың,театрлардың кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілсін;

2) 4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

5) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып , сағат 09:00-ден 22:00-ге дейінжалпысыйымдылығы 30% - дан аспайтын , бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат етілсін;

3) 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

7) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

4) 4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

9) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін

5) 4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

10) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бірадамға кемінде 4 ш. м. есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат етілсін;

6) 4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

11) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып,медициналық бетперде кию арқылы, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында жалпы сыйымдылығы 30%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

7) 4-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

14) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 60%-ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

3. Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

10) 5-тармақтың 1), 2), 5), 7), 8), 9), 10-тармақшалары алынып тасталсын;

11) 5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметін тоқтата тұру.

4. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын. 

5  Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Шаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521