Атырауда карантин шараларына өзгеріс енді

«Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 қазандағы №67 Қаулысы

Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қазандағы №54 мен «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы №54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 09 қазандағы №55 қаулыларына сәйкес және Атырау облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына байланысты (репродуктивті сан 1.29, талапты көрсеткіш > 1) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті.

2. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1). 17 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам саны отырғызылып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметі сағат 08:00-дан 22:00-ге дейін қысқартылсын»;

2) 13 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы сыйымдылығының 30%-нан аспайтын толымдылығы кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс жасау уақыты 17.00-ге дейін қысқартылсын»;

* 7 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30%-нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне, азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда жұмыс жасау уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқартылсын»

4) 11тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылсын»

5) 28 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«саяхаттау катерлер қызметі (өзен трамвайы) тоқтатылсын»

ІІІ. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

Атырау облысының әкіміне, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстер мен автоөтпелерден келген адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілгендігі жөнінде анықтамасы жоқ және термометриядан өткізу кезінде дене температурасы жоғары болған адамдарды ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізу үшін 2 тәулікке оқшаулау мақсатында карантиндік стационарлардың жұмыс жасауы ұйымдастырсын;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмесін;

3) дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қазандағы №54 қаулысының 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады;

4) COVID-19-ға ПТР зертханалық тексеру қорытындысымен оң нәтиже анықталған және дене температурасы жоғары болған адамдарды жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулансын;

5) карантиндік стационардан шығаруды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесінен кейін қамтамасыз етсін.

2. "Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" ЖШС ГП - Атырау бөлімшесі филиалы, Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына:

1) COVID-19-дің әкелуін және таралуын алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырсын;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін Ганюшкино станциясының қызметкерлерін міндетті термометриядан өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Атырау қаласының халықаралық әуежайының басшысына:

1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43-БМСд қаулысына 12-қосымшаға сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.

4. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына, Көліктегі тауарлар мен көрсетілерін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Атырау қаласының СКП, Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілерін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне:

1) Атырау облысына Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінен шетелден авиарейстер мен автоөтпелерден келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия жүргізе отырып, санитарлық-карантиндік бақылау жүргізсін;

2) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы 54 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес шекарадан өткеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңделсін;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитарлық-карантиндік пункттері мамандармен, тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етсін;

4) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитарлық-ағарту және түсіндіру жұмыстары жүргізсін;

5) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.

5. Атырау облысы Мәдениет және спорт басқармасына:

1) Атырау облысына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін.

6. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалына:

1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;

2) екі тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесін беруді қамтамасыз етсін.

ІV. Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

2) Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға.

V. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

VІ. Атырау облысының полиция департаментіне:

1) енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын (қоғамдық көліктердің отыратын орындар санына сәйкес толуы және бетперде режимінің сақталуы бойынша, жаппай іс-шаралар өткізу: үйлену тойлары, еске алу және т.б.), жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдасын.

VІІ. Атырау облысы Ішкі істер саясат басқармасына:

1) Атырау қаласының әкімдігімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қосымша қабылданған шаралар туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

VIІІ. Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

ІХ. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Шаров

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика