Атырау облыстық терроризмге қарсы жедел штабы күш-құралдарының жұмылдыруымен 2021 жылдың 23-26 тамыз аралығында Атырау облысы аумағында Тәуелсіз мемлекеттер Ынтымақтастығы Орталығымен бірлескен «Каспий-Антитерор-2021» оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттықтыру шараларының мақсаты - Атырау облысы аумағында терроризм актілерін анықтау және кесу бағытында бірлескен күш-құралдарды қолдануды пысықтау.
Оқу-жаттығу кезеңінде қаланың жекеленген аудандарында шектеулер енгізу мүмкіндігіне байланысты тұрғындарды орын алатын оқиғаларға сабырлық танытуға және түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Атырау облыстық терроризмге қарсы жедел штаб