Атырауда «Қауіпсіздік» іс-шарасы аясында 50 құқық бұзушылық анықталды

 

17–21 желтоқсан аралығында республика көлемінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан, әсіресе кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында, ойын-сауық мекемелерінде, қоғамдық орындарда және тұрғын алаптарда рейдтік тексерулер жүргізуде. Нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуының 50 дерегі тіркелді.

Полицейлер ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруі түрлі құқық бұзушылықтар мен қауіп-қатерлерге әкеп соғуы мүмкін екенін хабарлайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT