Атырауда кезекші сыныптарда оқу бойынша 21 мың өтініш түскен

Атырау облысында ата-аналар тарапынан кезекші сыныптарда оқу бойынша 21 мың оқушыға өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жаңа оқу жылында қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін облыстағы 170 мектепте «кезекші сыныптар» жұмысы жүзеге аспақ. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева мәлімдеді.

whatsapp-image-2020-08-10-at-21_40_03-1

- Жаңа оқу жылы «кезекші сыныптарда» оқушылар 170 мектепте 140 сынып жиынтығында оқиды деп жоспарлап отырмыз. Сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады. Бүгінгі күні ата-аналар тарапынан 21 мың өтініш келіп түсті, - деді Алмагүл Қайырлиева.

Айта кетейік, кезекші сыныптарда бастауыш сынып оқушылары ғана емес, шағын комплектілі мектептің оқушылары да оқи алады. Қазіргі уақытта облыс көлемінде 14 шағын комплектілі мектеп бар. Жаңа оқу жылы сол 14 мектептен 880 оқушы штаттық режимде яғни, дәстүрлі бағытта сабақ оқиды деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521