Атырауда халықаралық жастар форумы басталды

Бүгін Атырау қаласында екінші рет ұйымдастырылған халықаралық «Saraishyq Upgrade-2024» жастар форумы басталды. Форумға Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей елдерінен келген қонақтар әжірибе алмасып, білгендерімен бөліседі. Мыңдаған тіркелушінің арасынан 300-ден астам жас қатысушы ретінде іріктелген. 

Форумға ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов халықаралық жастар форумының ашылуымен құттықтап, іс-шараның аясы кеңейіп келе жатқанын айтты.

 

 

 

– Биылғы форумда қатысушылардың саны да көбейіпті. Алыстан келген құрметті қонақтарға ерекше алғысымды білдіремін. Еліміздің 8 өңірінен жастар басқосып, қоғамды толғандырған мәселелерді ортаға салуға келіп отыр. Былтыр осы іс-шара тұңғыш рет бастау алған кезде алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізетінімізді айтқан едік. Содан бері бұл форумға еліміздің ғана емес өзге де елдерден қызығушылық танытып жатқандар бар. Форум өзінің діттеген мақсатына жетуіне тілекшімін. Біздің шақыруымызды қабыл алған спикерлерге алғыс айтамын. Сіздердің тәжірибелеріңіз жастардың пайдасына асады деп сенім білдіремін. Жастар қоғамға қай сала арқылы көбірек пайдаларын тигізе алатынын осы форум арқылы бағдарлай алады. Сондықтан ашық алаңда пікір алмасып, ойларын жасқанбай айту үшін осы форумды таңдап отыр. Қазақта «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деген сөз бар. Осы ортада өз ойларыңызды тайсалмай айтып, болашақта игілікке асатын дүниелерді жүзе асырасыздар деп ойлаймын. Форумның жұмысына сәттілік тілеймін, — деді облыс әкімі.

 

Іс-шараға Республика Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров қатысып, жалынды жастарға сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT