Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді

Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 27 тамызда Атырау қаласындағы көлік жөндеу орталығында тұтанған.

ort-eki

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде орталықтың 150 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Орталықтың металл конструкциясы толығымен өртеніп кетті. Бұл кезде орталықта көлік болмаған. Жалын сағат 13:50 минутта оқшауланып, сағат 13:55 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге департаменттен 16 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT