Атырауда ксенон қондырған 350 көлік анықталды (+ВИДЕО)

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың тапсырмасымен, көлік апаттарының алдын алу мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

Патрульдік полицейлермен көліктерінің жарық фарларын өз беттерімен ксенон, лэд қондырғыларымен алмастырып алған жүргізушілер тоқтатылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ал, ескертулерді елемеген жүргізушілерге қатысты әкімшілік шара қолданылуда, деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Сайфулла Қазиханов.

Вокзал маңында ксенон жарығымен жабдықталған “Ваз 21144" автокөлігі тоқтатылып, 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлімімен 13 890 көлемінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау қаласында патрульдік полицейлер көліктеріне ксенон шамдарын заңсыз қондырған 350 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521