Әлеуметтік субъектілер тізіміне енгізілген және “Бір ауыл – бір өнім” жобасының финалистеріне қайтарымсыз гранттарды беру үшін комиссия отырысы өтті,– деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қайтарымсыз грантқа 17 кәсіпкерден өтінім түскен. Үміткерлер комиссия мүшелерінің алдында бизнес жобаларын қорғап, тиімділігін түсіндірді. Ұсынылған бағдарламалардың басым көпшілігі білім, өндіріс, медицина мен әлеуметтік маңызы бар салаларды қамтиды.
Биыл қайтарымсыз бизнес гранттар үшін жергілікті бюджеттен 106 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген, соның ішінде 2025 жылдың маусым айында 66 млн теңгені құрайтын 14 жоба қолдау тапты.

