Атырауда Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 19 қазан - Құтқарушылар күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Салтанатты шараны Департамент бастығы полковник Битаев Сәбит Кенжеханұлы ашып, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Өз сөзінде Құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлерін, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға жанкешті еңбегі мен таңдаған ісіне адалдығы үшін алғыс айтты.

"26 жыл ішінде қалыптасу, даму және көптеген қайта құрулар қиын жолынан өттік, нәтижесінде білімнің, тәжірибенің және көптеген құтқарылған өмірдің баға жетпес қоры бар қуатты және мобильді құрылым болдық. Біздің қызметкерлерді кәсібилік, батылдық, жауапкершілік және батылдық қасиеттер ерекшелендіреді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері әрдайым көмекке келіп, халықты қайғыдан құтқаратынына әрбір адам сенімді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, күш-жігер мен батылдық, амандық, отбасында түсіністік пен қолдау тілеймін!",- деп атап өтті Сәбит Кенжеханұлы.

Халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс саласындағы жоғары кәсібилігі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне ведомстволық наградалар мен медальдар, ҚР ТЖМ, Атырау облысы әкімінің және Атырау облысы ТЖД бастығының алғыс хаттары табыс етілді.

Сондай-ақ, "Мен болашақ құтқарушымын", "Менің сүйікті мамандығым" сурет байқауында және шығармашылық өлең оқу байқауында жеңіске жеткен қызметкерлердің балалары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шара соңы Құтқарушылар күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT