Атырауда мүгедек жандар оңалтушы-нұсқаушылардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектесуде

Соңғы статистика бойынша (21.07.22-не қатысты деректер) Атырау облысында 24 000-нан астам мүгедек адам тұрады, ал өңірде бір ғана оңалту орталығы жұмыс істейді. Сондықтан, мамандардың айтуынша, бұл жоба мәселені шешуде таптырмас құрал болып табылады.

- Облыста жұлын жарақатын алған адамдарды оңалтуға қатысты проблемалар бар. Сондықтан жобаның жақсы нәтиже көрсетуі  денсаулық сақтау жүйесіне оң әсер етеді. Біз мүгедек адамдардың әлеуметтенуінің керемет мысалына куә болдық, жоба олардың бос уақытын ғана емес, сонымен бірге олардың болашағына да алаңдатушылық танытады. Ұйымдастырушылардың қатысушыларды жобаны жүзеге асыру кезінде ғана емес, сонымен қатар оларды аяқтағаннан кейін де қолдап отырғаны қуантады, – деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ.

"Теңізшевройл" ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен АРОНОВ та жобаның бірегейлігін атап өтті:

- ТШО осымен екінші жыл қатарынан әлеуметтік инвестициялардың ерікті бағдарламасы аясында "Біз де адамбыз" жобасына демеушілік жасап келеді. Бұл – білім де беретін, жаңа дағдыларды үйрететін және жаңа өзгерістерге шабыттандыратын бірегей жоба. Осы жылы біздің болашақ жаттықтырушыларымыз оқуын аяқтайды және Қазақстанда белгілі бір дәрежедегі мүгедектікке ие алғашқы реабилитологтар пайда болады. Әлеуметтік инвестициялардың ерікті бағдарламасы аясында 2022 жылы жалпы сомасы 2,3 млн АҚШ долларын құрайтын 14 жоба іске асырылуда.

Лагерь аясында ұйымдастырушылар белсенді мүгедектер арбасын қолдану техникасы бойынша бейне-сабақтар түсіруді жоспарлап отыр. Бейнероликтер шалғай жерлерде тұратын және іс-шараға қатысуға мүмкіндігі жоқ мүгедектер арбасын пайдаланушыларға таратылады. Қор өкілдері жоба географиясын кеңейтіп, ауыл тұрғындары да оңалту процесіне қатысуға мүмкіндік алады деп үміттенеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521