Атырауда мүгедектігі бар жандар «тиімді оңалту лагеріне» қатысуда

5 қыркүйек күні Атырауда "Мүгедектерді тиімді оңалту” жобасының кезекті кезеңі басталды. “Тиімді оңалту лагері” деп аталатын екінші кезең мүгедектігі бар жандарды арбаға танылғаннан кейінгі өмірге үйретуге бағытталған. Олар 5 күнде арбаны басқару дағдыларын, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды, мүгедек жандардың құқықтары мен өзі-өзіне қызмет көрсету жолдарын үйренеді.

Шараға арбадағы мүгедектер мен жоба еріктілері қатысуда. Жоба "Теңізшевройл" ЖШС қаржылық қолдауымен "Біз де адамбыз" ҚҚ екінші жыл іске асырып келеді.

- Тиімді оңалту лагері – біздің жобамыздың маңызды кезеңі. Биылғы лагерге былтыр қатысқан түлектер ассистент болып қатысып жатыр. Олар өздерін жаттықтырушы ретінде дамытып, оқып-үйренген теорияны іс жүзінде қолданады. Жергілікті кадрларды дамыту, нұсқаушы-реабилитологтарды кәсіби өсіру – негізгі міндетіміздің бірі. Былтырғы түлектерді жаңа лектің жұмысына және Қордың басқа да жобаларына тарта отырып, біз оларға әлеуметтендіру, жұмысқа орналастыру және қаржылай тәуелсіздікке жету мәселесін шешуге көмектесеміз. Бұл лектің түлектері де болашақта біздің Қордың  басқа жобаларына қатыса алады. Бұл жобаға қатысқан жандардың көбінің өмірінде оң өзгерістер болып жатыр. Біршамасы жұмыс тапты, қоғаммен араласуды бастады, өздерін дамытуда. Ең бастысы – мүгедектер арбасын үкім деп емес, қозғалу құралы деп  қабылдады, - деді Қор басшысы Гүлназ ҚОСМУРЗИЕВА.

Жоба аясында қатысушылар жүзу, аэробика, жұптық би, садақ ату және мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген басқа да спорт түрлерімен айналысады. Олардың психо-эмоционалды жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Ай сайын психология, өзін-өзі дамыту, шешендік өнер, фасилитация, өзін-өзі жеңу бойынша тренингтер өтеді. Сондай-ақ, кәсіби қызметте және жеке өмірде белгілі бір жетістіктерге жеткен (мүгедектігі бар) адамдармен мотивациялық кездесулер өткізіледі.

- "Тиімді оңалту" жобасы туралы мен кездейсоқ білдім. Басында қатысуға бата алмадым. Өйткені,  көпқабатты үйдің бесінші қабатында тұрамын. Біздің үйде лифт жоқ. Яғни бірінші қабатқа арбамен түсу оңай шаруа емес. Мүгедектер арбасында отырғанына қарамастан, басқа елден келіп, семинар өткізген жаттықтырушылар сабағына қатыстым. Содан кейін өзіме жобаға соңына дейін қатысамын деп сөз бердім. Өзімді жолымда кездескен кедергілерді жеңе  аламын деп сендірдім. Жоба кезінде мені бесінші қабаттан түсіріп, жобадан тыс та байланыста болатын еріктілерге ризамын. Тірек-қимыл жарақатын алғаннан кейін алғаш рет бассейнде жүздім. Арбаға таңылғаннан кейін суға түстім, сенесіз бе? Қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан адам үшін бұл өте үлкен қуаныш. Мені жоба ассистенттері қатарына қабылдағаныма шексіз қуаныштымын. Мен үшін бұл әрекет – алға жылжу үшін жақсы стимул. Мен қазір түңіліп жүрген жандарға ешқашан үмітіңізді үзбеңіз деп айтқым келеді! - дейді Мүгедек жобасының бірінші легінің түлегі Берік ЖАРЫМБЕТОВ.

Қатысушыларды Беларусь Республикасының "Арбамен жүретін мүгедектердің республикалық қауымдастығының" (РАИК) өкілдері "тең-теңімен"әдісін қолдана отырып оқытуда. Жобаның барлық тренері мүгедектер арбасын пайдаланушылар. Олар да бір кезде осындай жарақат алып, қатысушыдардың ішкі күйін өздері бастан кешкен. Сол себпті тақырыпты жан-жақты түсінеді. Осының арқасында қатысушылар өз ойлары мен жағдайларын айтудан ұялып, ыңғайсызданбайды.

- Бұл лагерлерде қатысушылар мүгедектер арбасында толыққанды өмір сүріп жатқан адамдарды көреді. Олардың белсенді өмір салтын ұстанып, білім алып, жұмыс істеп, бизнеспен, спортпен айналысатын түсінеді. Сырласады. Мұндай қарым-қатынас қатысушыларды шабыттандырады. Дамуға оң серпін береді. Оңалту лагерінен өткен адамдар өмірлік ұстанымдарын қайта қарайды. Тәуелсіз өмір сүруге ынталанады.

Себебі, көп адам жарақат алғаннан кейін өздерін жалғыз сезінеді. Олар ешкімді көргісі келмейді, үйден шыққысы келмейді. Ал бұл жобада олар жарақат алғаннан кейін де жақсы өмір сүруге болатынын түсінеді. Жобаға қатысушылардың көздері жанып тұр. Мен олардың өте жақсы реабилитолог-нұсқаушы болатынына сенімдімін, өйткені олар мәселені толыққанды біледі, теорияны да практиканы да жақсы меңгерген, - деді РАИК өкілі Инна ДИГИЛЕВИЧ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521