Атырауда мемлекеттік қызмет ардагерлері бас қосты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шара мақсаты - мемлекеттік қызметте орасан үлес қосып, қажырлы еңбек еткен сала ардагерлеріне бүгінгі жетістіктеріміз бен алға қойған жоспарларды таныстыру.

Кездесу барысында Департамент басшысы Салауат Мүксімов бірқатар жобалардың өзектілігі туралы және де осындай кездесулердің жас мемлекеттік қызметшілер үшін үлкен үлгі екендігін атап өтті.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет саласында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мәселелеріне қатысты.

 mem-ard053

Кездесу барысында сала ардагерлеріне Департамент бірқатар жобаларды таныстырды. Олар:

- Мемлекеттік қызметке іріктеу барысының өтуіне қолайлы жағдай жасау.

- Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткерлермен әңгімелесу барысын қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізу, яғни, онлайн-әңгімелесу тәсіліне көшу.

- Онлайн-бақылаушы жобасы арқылы конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін, әділдігін қамтамасыз ету, сонымен қатар үміткерлердің конкурс процесіне деген сенімділігін арттыру. Электронды байқаушы ретінде департамент қызметкерлері де облыста, қала және аудандарда өткізілетін конкурстарды қашықтықтан бақылай алады.

– Мемлекеттік қызметшілердің "мансаптық картасын" іске асыру. Яғни, меритократия қағидасын сақтай отырып, ішкі конкурсқа қатысушылардың үлесін арттыру.

- Мемлекеттік қызмет заңының 9-бабының 3-тармағында мемлекеттік қызметшінің денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларын қарастыру көзделген. Әр мемлекеттік қызметшіге қолайлы жағдай жасалған болса еңбекке деген ынтасы арта түседі. Бұл жобада облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындары мен мемлекеттік органдардың ғимараттарының жай-күйіне талдау жүргізе отырып, тиісті мемлекеттік органға ұсыныс беру.

- Жаңа өзгеріске орай, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары еңбекақы төлеудің пилоттық жобасына енді. Жаңа жүйеде әр қызметкердің атқаратын жұмысының күрделілігі мен тиімділігі ескерілетін болады.

mem-ardager-05

Деңгей – мемлекеттік әкімшілік лауазымның позициясын оны бағалау нәтижесіне байланысты айқындайтын және лауазымдық айлықақы белгілеу үшін қолданылатын көрсеткіш. Мемлекеттік әкімшілік лауазымды бағалау мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды пилоттық режимде бағалау және деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

Өз кезегінде мемлекеттік қызмет ардагерлері мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда осындай жобалардың үлесі зор екендігін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT