#ЗАҢМЕНТӘРТІП
19-23 мамыр аралығында қоғамдық тәртіпті тиісінше қолдау, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау мақсатында республика көлемінде «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Тәртіп сақшылары шетелдіктердің өңір аумағына келуін, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды, ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген заңсыз көшіп-қонушылар мен бұзушыларды анықтауға рейдтер жүргізеді. Сондай ақ, іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтардың келу мерзімі қысқартылып, елден шығарылады.