Атырауда облыстық мәслихат сессиясы алғаш рет онлайн режимде өтті

"Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында алғаш рет ашық форматта өткен онлайн мәслихат сессиясында облыстың экологиясын жақсартуға бағытталған шаралар талқыланды" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Тұрғындар Атырау облысы әкімдігінің Фейсбук желісіндегі парақшасынан мәслихатта талқыланып жатқан мәселелерді тікелей эфирде тыңдау мүмкіндігіне ие болды (сілтеме қоса беріліп отыр https://www.facebook.com/AkimatAtyrau/videos/1005720863227983/).

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған "Жол картасы" жан-жақты талқыланды.

Еске сала кетелік, қаладағы атмосфералық ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін "Жол картасы" туралы Атырау облысы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасары Сырым Тілегенов, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан облыс көлемінде "жасыл белдеу" құру, табиғи қорықтар құру, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешендерін салу туралы баяндады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521