Атырауда отыздан астам адамның 29 млн теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды

Атырауда 35 адамның 29 миллион теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, алаяқ алдымен туыстарын алдаған.

«Атырау қаласының тұрғыны алаяқтық жолымен 35 адамның ақшасын алып, қалтасына басқан. Алаяқ алдымен өзінің туыстарын қаладағы «Нұрсая» шағын ауданынан арзан бағамен пәтер алып беремін« деп арбауына түсірген. Жәбірленушілерден Kaspi.kz қосымшасы арқылы банк картасына ақша аудартқан, тіпті кейбіреулерінен қолма-қол ақша алған. Өзінің қызметін 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін бағалаған. Сөйтіп, азаматтардың 29 млн 300 мың теңгесін жымқырған. Ал, алдын ала төлем жасап, пәтер күткен қала тұрғындары өздерінің алданғанын алаяқ әйел телефонын өшіргенде бір-ақ білген» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір алаяқтық күдігіне ілінген 32 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

inform.kz

 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521