Атырауда пара алды деп айыпталған полиция подполковнигіне үкім шықты, деп хабарлайды ATPress.kz.
2020 жылдың 17 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел уәкілдері пара алғаны үшін Атырау облысының полиция департаментінің подполковнигін ұстады. Тергеушілердің айтуынша, ол аң аулау қаруын сақтауға және оны алып жүруге рұқсатты жеделдетіп бергені үшін 30 мың теңге алған.
№2 қалалық сотты ATPress.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауапта полиция қызметкері кінәлі деп танылып, параның 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынғаны (600 мың теңге) айтылады. Ол сондай-ақ подполковник атағынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.