Атырауда полицейлер пиротехника сатушыларына айыппұл салды

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бұйрығымен 15 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтауға бағытталған "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шара аясында қаланың екі тұрғынының әлеуметтік желілерде жаңа жылдық пиротехниканы сату туралы хабарландырулар орналастырғандары анықталды.

Оларға қатысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл сала отырып, ӘҚБтК-нің 196-бабы ("тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау") бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, пиротехникалық бұйымдар, барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және міндетті сертификаты болған жағдайда ғана сатылуға болады.

"Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы 7 қаңтарға дейін жалғасады.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика