11 қыркүйекте Атырау облысындағы түрмелер мен тергеу изоляторын Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығының міндетін атқарушы Манарбек Габдуллин мен облыс прокурорының бірінші орынбасары Жанболат Туғанбаев аралады.
Олар УГ-157/1 (тергеу изоляторы), УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы), УГ-157/11 (әйелдер түзету колониясы) болып, сотталған азаматтар мен күдіктілерді шартты мерзімінен бұрын босату, неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру, туыстарымен кездесу тағы сол сияқты жеке сұрақтарымен қабылдады.
Сондай-ақ облыс прокурорының бірінші орынбасары мекемелердің ұстау жағдайымен танысты. Кездесу соңында мекемелердегі тұрмыстық сұрақтар лезде шешілу керектігі айтылып, мекеме бастықтарына нақты тапсырмалар берілді,-деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі.
ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек Габдуллин мекемелерде санитарлық талаптардың сақталуына оң баға беріп, осындай тексеріс шаралары үнемі өткізіліп отыратындығы туралы айтты.