Атырауда қайырымдылық марафоны онлайн түрде өтеді

Пандемияға байланысты 22 қыркүйек пен 31 қазан аралығында ұйымдастырылатын марафон онлайн түрде өтеді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Марафонға тіркелу «INFINITY FITNESS» клубында (Атырау қаласы, Құрманғазы 12) өтеді. Әр қатысушыға жеке реттік номері беріледі. Қатысушы өзі қалаған жерде көрсетілген күндер аралығында жүгіріп, нәтижесін ұйымдастырушыларға жібереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ринат Ибрагимов мәлімдеді.

21rinat

- Биылғы жылы әдеттегідей халықтың басын қосып, ауқымды шара өткізудің реті болмай отыр. Сол себепті марафон тек онлайн форматта өтеді. Бұл жерде жеңімпаздар анықталмайды. Басты мақсат жарыс емес, ең алдымен өз-өзімен күрес, карантин кезінде тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, - деді Ринат Ибрагимов.

Әдеттегіндей марафон әртүрлі жас ерекшеліктері бойынша әртүрлі қашықтықтарда өтеді. 10-15 жас аралығындағы балалар арасында 1,2 (3 айналым) және 16 жастар жоғары жасөспірімдер үшін 3 шақырым (8 айналым). Балаларға қатысу тегін. Алғаш болып тіркелген 10-15 жас аралығындағы 450 балаға және 16 жастан жоғары 700 жасөспірімге естелік медальдар беріледі.

Ал, ересектер арасында онлайн жүгірісті аптаның кез-келген уақытында өз қалаулары бойынша 10, 21 және 42 шақырым қашықтықта өткізу жоспарлануда. Биылғы жарна көлемі ересектерге - 1000 тг. Белгіленген уақытта қашықтықты бағындырған жандар өз нәтижелерін ұялы телефондағы жүктелген қосымшасы (приложение) арқылы ұйымдастырушыларға жолдап, естелік медальмен және сертификатпен марапатталатын болады.

Айта кетейік, барлық жиналған қаражат «Атырау – шағын мемлекет» қоғамдық бірлестігіне табысталатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521