Атырауда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

Атырауда  «Спецавтобаза» мекемесі  қала және ауылдық округ ішіндегі көшелерде қар тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Биыл қаңтар айында қар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп жауды.

Қазіргі таңда, қала ішінде 12 трактор, 4 қар тиегіш техника мен 180 адам қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.

Күніне 250-280 шаршы метр қар қала сыртына шығарылуда. Бүгінгі күнге дейін 4 мың шаршы метр қар қала сыртына шығарылды.

Сондай-ақ, арнайы техника қаңтар айынан бастап жолдың тайғақтығын болдырмас үшін 200 тонна құм аралас тұзды барлық жолдарға сеуіп шықты, деді «Спецавтобаза» мекемесінің басшысы Алмас Ізтлеуов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT