Атырауда сегіз мыңға жуық азаматқа АӘК төленуде

Атырау облысында ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне 1 387 отбасындағы 7 899 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

- Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 2 154 адамды құрайды. Оның ішінде 28-і өзін-өзі қамтитындар, 1 049-ы жүгіну кезінде жұмысы барлар, 431-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 610-ы бала күтіміндегілер, ал, 36-ы – өзге санаттағылар, - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521