Атырауда шетелден әкелінген автокөліктермен жасалатын құқықбұзушылықтар көбеюде

Атырауда полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен 3-7 желтоқсан аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында "Қауіпсіз жол" алдын-алу шарасы өтті.

Патрульдік полицейлер шара аясында автокөліктеріне ксенон, лед таққан, айыппұл төлемей жүрген, мас күйінде көлік ́жүргізгендер мен көлік жүргізу құқығынан айырылғандарына қарамастан, көлік басқарғандарды, міндетті сақтандыру шартын жасамаған және көліктеріне жалған нөмір таққан жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жүргізді.

Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін ксенон таққан 139 жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, әр қайсысына 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша 13 жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама жасақталды.

6 желтоқсан күні сағат 10:30 шамасында Бейбарыс көшесінде Lexus 250 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 1992 ж.т. азаматтың масаң күйінде көлік басқарғаны анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен рәсімделген әкімшілік хаттама мен жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Шара барысында Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұған 72 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабымен әкімшілік хаттама жасақталып, әр қайсысына 27780 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес, яғни айыппұл төлемей жүрген 60 жүргізушінің автокөліктері арнайы тұраққа қойылды. Олардың 51-і Ресей автокөліктері болса,7-і Армения елінен әкелінген автокөліктер.6 желтоқсан күні сағат 15:43 шамасында Махамбет көшесінің бойында "Nissan Tida" маркалы ресей автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 194 460 теңгені құрайтын, төленбеген 14 айыппұлы бар екендігі анықталды. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы өткізілген 4 күн ішінде облыс орталығында жол ережесін бұзған 500-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521