Атырауда сотталған әйелдер «Анаға апарар жол» фильмін көрді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесінде (әйелдер түзету колониясы) жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдерге арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға Департамент бастығы Манарбек Габдуллина қатысып, сотталған әйелдер Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмін тамашалады.

b5f2b800-09fe-480d-a5b6-6ce42cc611f2

- Сіздер - аяулы анасыздар, нәзік әйелсіздер, сүйікті жар мен асыл қарындассыздар. Қандай жағдай болмасын нәзіктіктеріңіз бен мейірімділіктеріңізді жоғалтпаған жансыздар. Шалыс бассаңыздар да аяулы ана болып шала бермексіздер. Сол себепті осы мекемеден тезірек бостандыққа шығып, сіздерді асыға күтіп жүрген ұл-қыздарыңызбен кездесіңіздер. Көктемдей құлпырып, өз-өздеріңізге деген сенімдеріңіз жоғалмасын,-деді Манарбек Габдуллин.

Сотталған әйелдерді құттықтап болғаннан кейін, Департамент бастығы әйелдерді Алғыс хаттармен марапаттап, оларды қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмін көруге шақырды.

09f00cfb-9e3b-4c3b-ac33-3ed57aba7e5b

- Сіздерге осы фильм көрсетілетін болады. Бұл фильм аналық махаббатты сипаттап, ана мен баланың ұлы сезімдері туралы айтылатын болады. Осылайша тәрбилік маңызы бар фильмді тамашалай отырып, өздеріңізге қажетті нәрсені ұғасыздар, - деді Габдуллин.

Сондай-ақ мекеме жанындағы колледждің педагогикалық ұжымы сотталғандарға арналған мамандықтардың тәтті және танымдық көрмесін ұйымдастырды. Құттықтау сөз кезегін алған колледж директоры Орынай Биманова сотталғандарды сапалы білім, саналы тәрбие алуға шақырып, бірлескен жұмыстар туралы түсіндірме беріп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мекеме бастығының орынбасары, әділет капитаны

Медет Серикбаевич Аджикулов 87781176014

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT