Атырауда сүт өнімін сатып алу қауіпті ме?

Сүт өнімдерін сатып аларда қаптамасына мән беріп жүрсіз бе? Бұрын елемесеңіз, енді ескеріңіз.

Өйткені, ақадал ақшаңызға сатып алған өніміңіздің мерзімі өткен немесе басқа да ақаулықтары болып шығуы мүмкін. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті Атырауда сатылатын сүт өнімдеріне тексеріс жүргізді.

Бұл туралы azh.kz сайты хабарлайды. Ондағы дерек бойынша, тексерушілер өнімнен техникалық регламент сақталмаған 31 фактіні анықтаған. Және таңбалау бойынша – 6, ал физико-химиялық жағынан – 25 факті сәйкес келмей отырған көрінеді.

- Анықталып отырған кемшіліктерге байланысты кәсіпкерлік субъектілерге 16 ұйғарым берілді, - деді Департаменттің бас маманы Жәмила Тұрлан.

Тексеру қорытындысы бойынша 25 кг сүт өнімі сатылымнан алынып, жеткізушілерге кері қайтарылған. Мамандар сүт өнімін сатып аларда, қаптамасын оқып шығуға кеңес береді.

Байболат СҰҢҒАТОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521