Атырауда Т.Амандосов атындағы сыйлық үшін байқау жарияланды

БАЙҚАУДЫҢ МӘНІ

Байқаудың басты мақсаты – журналистика саласындағы шын жүйріктерді анықтау, кәсіби шеберлерді бағалау және ынталандыру. ​

Байқау шарты бойынша үміткерлердің шығармашылық ізденісіне, кәсіби деңгейіне, ақпарат саласындағы белсенділігі мен​ ағарту және сараптама бағытындағы жұмыстарына ерекше мән беріледі. ​

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ

Байқауға Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Атырау облысында тілшілер қосыны бар ақпарат құралдарының меншікті тілшілері, сондай-ақ, блогерлер қатыса алады. ​

Байқауға 2019 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 20 маусымы аралығында облыс және республикалық (Атырау облысында тілшілер қосыны бар) бұқаралық ақпарат құралдарында, сайттарда жарияланған және дəстүрлі, электронды эфирге шыққан кез келген формат пен жанрдағы материалдар, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді көтерген посттар яғни блогерлік жұмыстар қазақ жəне орыс тілдерінде қабылданады. ​

БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ

Байқауға төмендегі номинациялар (аталымдар) бойынша әр үміткер барлығы үш материал ұсына алады. ​

Номинациялар (аталымдар) тізімі:

•​ «Үздік журналист - 2020»

• «Үздік визуалды жұмыс - 2020»​ (дизайнер, графика)

• «Үздік меншікті тілші - 2020»

• «Үздік​ техникалық маман - 2020»

•​ «Үздік кадр - 2020»​ ​

• «Әлеуметтік желідегі үздік қауымдастық, паблик - 2020»

•​ ​ «Үздік блогер - 2020»

• «Үздік аймақтық редакция - 2020»

• «Үздік креативті шығармашылық - 2020»

• «Үздік баспасөз қызметі - 2020» ​

Бір үміткер бір номинацияға материал ұсына алады. Конкурсқа​ редакция ұжымы немесе жекелеген бұқаралық ақпарат құралы өкілі сондай-ақ, блогер мен әлеуметтік желідегі қауымдастық әкімшісі (номинация атауын көрсету арқылы) материал ұсына алады. (Редакция басшысының ұсыным хаты болуы шарт емес) ​

Меншікті тілшілер жұмысын жергілікті тілшілер қосыны немесе өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы материалдар да (сілтемелер жіберу арқылы) автор тарапынан ұсынылады.

Баспана алу үшін берілетін алғашқы жарна үміткерлерін редакция басшылығы бірлескен шешім бойынша ұсынады. Әр редакция баспана сертификатына ұжымнан бір қызметкерді ұсына алады. Ал, меншікті тілшілер өздерін ұсына алады. ​ Баспана үшін алғашқы жарна сертификатын алуы тиіс үміткердің соңғы бес жылда (жұбайының да) атында жылжымайтын мүлік немесе жер учаскесі болмауы тиіс. Бірінші кезекте үміткердің əлеуметтік жағдайы, отбасындағы бала саны ескеріледі. ​ ​ ​

Байқауға Тауман Амандосов сыйлығын бұрын иеленген (конкурсқа үміткер ретінде қатысу үшін, жүлде алған уақыттан кейін арада жеті жыл өтуі тиіс)​ авторлар қатыса алмайды. ​

Үміткерлер арасындағы үздіктерді арнайы құрылған жұмыс комиссиясы анықтайды. Комиссия мүшелерінің аты-жөндері құпия сақталады.

Материалдар 2020 жылдың 30​ маусымына дейін​ Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.​ ​ поштасына жолдануы тиіс. ​

Ал тұрғын үй жарнасы үшін сертификаттар​ 1 шілдеге дейін​ редакция басшылығы тарапынан ұсынылуы қажет. ​

Байқау 3 шілде күні қорытындыланады.​ ​

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

Әр аталым бойынша жеңімпаздарға 500 мың теңгеден ақшалай сыйлық беріледі. ​

5 адамға​ 1 000 000 теңге көлемінде (әрқайсысына) тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна сертификаты беріледі.

Сұрақтар бойынша: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. поштасына хат жолдауға болады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521