Атырауда тағы бір адам суға кетті

Атырауда Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«8 тамыз күні сағат 17.42-ден бастап Махамбет ауданы Талдыкөл ауылынан 5 шақырым жерде, Жайық өзенінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол сағат 16.00-ге шамасында суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Сағат 18.35-те сүңгуірлер денені тауып, судан шығарды. Полиция қызметкерлеріне тапсырылды» делінген хабарламада

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT