Атырауда тас жолдарда көлік шамдарының талапқа сәйкестігі тексерілді

 

Атырау облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1–3 тамыз аралығында патрульдік полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарының жарық шамдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.

 

Соңғы уақытта жүргізушілер арасында көліктерге зауыттық стандарттарға сәйкес келмейтін, рұқсат етілмеген LED және ксенон шамдарын орнату деректері жиілеген. Мұндай жарық құрылғылары:

 • Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен жол қозғалысы ережелеріне қайшы келеді;

 • Жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін.

 

Рұқсат етілмеген жарық шамдарын орнату – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

 

Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті көлік шамдары міндетті түрде зауыттық стандарттарға сәйкес болуы тиістігін, жол қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің азаматтық міндеті және қажетсіз артық жарық – жолдағы өзге азаматтардың өміріне қауіп төндіретіндігін ескертеді.

 

Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT