Атырауда TEDX форматында жастармен кездесу өткізілді

Атырау облысы Жастар саясаты басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жастармен «Номер жетінші спикер» атты TEDx форматында мотивациялық кеш ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады. Спикерлер ретінде жастарға өзінің еңбек жолымен үлгі бола алатын, мотивациялық ойларды жеткізе алатын тұлғалар шақырылды. Олар: Қ. Оразалиев - Пекин технологиялық университетінің доктаранты, халықаралық ғылыми мақалалардың авторы, физика пәні бойынша халықаралық олимпиада жеңімпазы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проректоры;

Ж.Шаманов - Kiberone халықаралық бағдарламалау мектебінің директоры, жеке кәсіпкер, экология жанашыры, қоғам белсендісі;

Е. Шыныбеков - Стамбул техникалық университетінің түлегі, «ATYRAU ATHLETICS OQYRMAN», «EXSPEDITION CLUB INVESTRUMENT» клубтарының негізін қалаушы, «Қаржы сауаттылығы және инвестиция бойынша» сабақ береді, ментор, инвестор;

А. Мамыт – Пекин қаласы халықаралық сауда және экономика университетінің түлегі, Қытай даму банкі степендиясының иегері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары. Шара еркін форматта өтіп, әр спикерге берілген тақырыпта ойлар жастармен бірге талқыланды. Спикерлер де өз саласында белгілі бір жетістіктерді бағындырып, жауапты қызмет атқарып отырғаны белгілі.

Сондықтан да айтары бар, жастарға берері мол кездесу болды. Қатысушылар спикерлерге көкейкесті сауалдарын қойып, шара сұрақ-жауап форматындағы еркін сұхбат түрінде жалғасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521