Атырауда төрт жаңа зауыт іске қосылады

2022 жылы Атырау облысында жалпы сомасы 47,4 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 375 жұмыс орыны ашылады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инноваиялық даму басқармасы басшысының м.а. Қаныш Мәмбетов мәлімдеді.

Атап айтсақ, дәрі-дәрмек шығаратын «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» ЖШС фармацевтикалық зауыты. Құны 7,4 млрд теңге болатын жоба аясында 90 жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда.

- 2022 жылы жобылақ құны 29,9 млрд теңге болатын каустикалық сода, тұз қышқылы, алюминий оксихлориді және темір хлориді өндіретін «Global Chemical» ЖШС зауытының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл зауыт пайдалануға берілгеннен кейін, ол жерде 56 жаңа жұмыс орынын ашу көзделіп отыр. Одан бөлек, бұрыннан айтылып келе жатқан, бойлерлік бағыттағы «MEKEN CHICKEN» ЖШС құс фабрикасын ашамыз. Ол жобаның құны 5,5 млрд теңгені құрап отыр. Құс фабрикасында 80-ге жуық адамды еңбекпен қамтуды жоспарда бар. Сонымен қатар, 150 жаңа жұмыс орынымен қамтитын, жоба құны 4 млрд 600 млн теңге болатын, Атырау қаласындағы «NEWASCENT» ЖШС үй құрылысы комбинатының құрылысы аяқталмақ – деді Қаныш Мәмбетов.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика