Атырауда тұрғындар арасында интернет-алаяқтыққа қарсы брошюралар таратылды

Атырау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда. Осы орайда Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі — «BAIZAAR» ірі ойын-сауда орталығында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынама парақтарын таратты.

Іс-шара барысында азаматтарға алаяқтардың кең таралған әдістері, атап айтқанда: жалған интернет-дүкендер, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалатын алаяқтар, елімізде жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері, сондай-ақ танымал мессенджерлер мен қосымшалар арқылы жеке деректерді алдау жолымен иемдену тәсілдері түсіндірілді.

Айта кетейік, облыс аумағында 2025 жылдың басынан бері интернет-алаяқтыққа қатысты 1200-ге жуық дерек тіркелген. Қылмыстардың басым бөлігі банк шоттары арқылы алдау, онлайн фишинг сілтемелері, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, ақша бопсалау жолымен жасалуда.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға, белгісіз сілтемелерге өтпеуге, жеке және банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT