Атырауда “Tungi Run” марафоныны қорытындыланды

 

Атырау қаласында “ATYRAU JASTAR FEST-2025” онкүндігі аясында өткен “Tungi Run” жүгіру марафоны өз мәресіне жетті. 250ге жуық қатысушы жиналған жарыс жоғары көңіл-күйде өтіп, қала тұрғындарына ерекше серпін сыйлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қатысушылар Жайық жағалауы бойымен жүгіріп өтті: үш шақырымдық қашықтық «Атырау-Ақпарат» ғимаратының жанында мәреге жетсе, бес шақырымдық қашықтықтың финиші «Атырау» шипажайы тұсында болды. Қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалау үшін ұйымдастырушылар велосипедпен қадағалап отырды. Сондай ақ еріктілер де марафонның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.


Жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Жеңімпаздар әр қашықтық бойынша ерлер мен әйелдер арасында жеке-жеке анықталды. Сонымен нәтижесі мынадай:

Әйелдер арасында (3 шақырым)
* 1-орын – Шаттық Елеуова (60 мың теңге)
* 2-орын – Айымжан Ниязова (40 мың теңге)
* 3-орын – Перизат Омарова (25 мың теңге)

Ерлер арасында (3 шақырым)
* 1-орын – Мерхат Садыков
* 2-орын – Ринат Сәкенов
* 3-орын – Руслан Орынбасаров


Әйелдер арасында (5 шақырым)
* 1-орын – Аружан Семғалиева (80 мың теңге)
* 2-орын – Альфия Мухитденова (60 мың теңге)
* 3-орын – Азиза Махметова (35 мың теңге)


Ерлер арасында (5 шақырым)
* 1-орын – Жоламан Берік
* 2-орын – Жашибеков Артур
* 3-орын – Ибатолла Бақберген

Сонымен қатар марафон аясында қосымша номинациялар бойынша жүлделер табысталды:
* “Ең көңілді қатысушы”
* “Ең үздік костюмдегі атлет”
* “Ең жас қатысушы”.   Олар да ақшалай сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар спортшылар арасында брендтік спорттық аяқ киімді лотерея арқылы ойнатып, жеңімпаздарды анықтады. Ал, Атырау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы марафон қатысушылары арасында екі велосипедті ұтысқа тікті. Нәтижесінде Анар Арыстан мен Айдана Шадиярова жаңа велосипедтердің иегері атанды. Жеңімпаздар көпшіліктің алдында марапатталды. 

Шара соңында қатысушылар еріктілер мен ұйымдастырушыларға алғыс айтып, марафонды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқандары үшін ризашылығын білдірді.

“Tungi Run” — жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде есте қалды.

 

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT